Оңтүстікте 108 мың мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Оның 47 мыңға жуығы -І топ мүгедегі. Ал жұмысқа жарамдысы, яғни ІІІ топ мүгедегі 45 мың адамды құрап отыр. Жұмыспен қамтуды сұранып жүргендері – жиырма мың.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасының басшысы Әсия Темірбаева жариялады. Ал оларды қалаған жеріне жеткізу мәселесі өзекті. Өйткені өңірде әлеуметтік такси жетіспейді.

Әсия Темірбаева, ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: «Облыс бойынша жеті инватакси болса, жекелеген 24 әлеуметтік такси жұмыс атқарып отыр. 2015 жылы әлеуметтік қолдау көрсету үшін республикалық және облыстық бюджеттерден қыраур қаржы бөлінген. Осы қаржы есебінен жыл бойына 17 мыңға жуық бұйымдар және қызметтермен қамтамасыз етілетін болады. Екі нысан бейімдеуден өткен. Еңбекке қабілетті 2267 мүмкіндігі шектеулі азаматты, оның ішінде 1193-ы 3 пайыздық квота негізінде жұмыспен қамту көзделген».

Журналистермен кездесу барысында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында атқарылған шаралар айтылды. Оң нәтижесін берген жоба он мың азаматты тұрақты жұмыспен қамтыпты. Сондай-ақ, биыл 949 жоба бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

Ал әлемдік экономикалық дағдарыс елдегі біраз кәсіпорындарға әсерін тигізбей қоймады. Нәтижесінде азаматтар жұмыстар қысқарды. Бірақ, елдегі жүйелі жұмыстың арқасында мыңдаған меморандумдарға отырып, жаппай жұмыссыздықтың алдын алған. Десе де, Оңтүстікте жұмысшысын қысқартқандар көп деді басқарма басшысы. Бүгінгі таңда оларды қайта даярлау үшін арнайы жоспар құрылған.