Оңтүстік халқы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлады

645

Күнгейліктер таң рауандап атысымен-ақ, «Даңқ» мемориалына жиналды. Мұнда «Ер есімі — ел есінде» салтанатты шарасы ұйымдастырылды. Алдымен жиналған жұртшылық «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, жауынгерлердің ерлігін еске алды.

2

Көпшілік назарына Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған концерт көрсетілді. Сұрапыл сұм соғыс жылдарын еске салған әндер де айтылды. Яғни, «Катюша», «Кестелі орамал», «Әлия», «Соғыстан қайтқан солдаттар»  сынды әндер шырқалды.

_MG_7734

_MG_7774

II дүниежүзілік соғыстағы ерлікті насихаттайтын қойылымдар да шарадан шет қалмады.  Ардагерлер мен тұрғындар  театрланған көріністерді тамашалап, от пен оқтың арасындағы шайқасқа куә болды.

Майдангерлер ұрыс алаңында қасық қаны қалғанша ел мен жерді қызғыштай қорғаған сәттері еріксіз естеріне түсті. Көздеріне жас үйірілді. Мереке кейіпкерлері шарада қаумалаған жерлестерімізге соғыстағы күндер мен ондағы жауға қарсы шыққан шайқастарды кеңінен әңгімелеп берді. Майдангер достарының ерлігін  айтты. Жеңіске деген әрбір қадамның жүгін де сөз етті.

MG_7621

MG_7597

_MG_7632

_MG_7668

_MG_7710

MG_7694

Таяққа сүйенген немесе ұл-қыздары, немерелерін ерткен қарт жауынгерлер «Даңқ» мемориалы кешенін ерінбей ентелеп, аралап шықты. Мұндағы мақсаттары — қаруластарына деген құрметін білдіру, оларға деген сағынышын басу. Ал бақилық болған майдангерлердің туыстары мемориалдағы тақтаға қашалып жазылған ерлердің есімдерін оқып, көздеріне жас алды. Олардың ерліктерімен айтып, марқайды.

MG_7744

Жеңіс күнінде ардагерлерге әскери-далалық асханада дастархан жайылды. Қарттар бұл тағамның дәмі әлі таңдайларында екенін жасырған жоқ. Себебі қарақұмық ботқасы — қан майдандағы жүрекжалғар бірден-бір ас болған.

Алексей Воронкин, Ұлы Отан соғысының ардагері: «Бүгінгі ботқаны көріп, оның дәмін көріп бір жылап алдым. Көңілім босады. Толқыдым. Несін жасырайын?! Көпшілікке жәй тамақ болып көрінгенімен, мұның естеліктері мәңгі жанымызда сақталады. Соғыстағы жаурап, қарнымыз ашан сәттерді ұмыту мүмкін емес. Әсіресе, қыстыгүндері. Дегенмен, Отан үшін, ұрпақ үшін барлығына төздік. Менің жастық шағым осындай қиындықтарға толы болдыү Бірақ мұныма ешқашан өкінген емеспін! Себебі мен жастарға жарқын өмір, жарқын болашақ сыйлаған жандардың бірімін деп есептеймін! Біздің бастан өткерген ауыр күндерімізді ешкімнің де басына бермесін, соғыс болмасын деп тілеймін!»

MG_7764

Мерекелік шара аясында өңіріміздегі 28 ардагерге мемлекеттік наградалар тапсырылды. Және Елбасы Н.Әбішұлының жарлығымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып дайындалған мерейтойлық медальдің 22346 данасын иелеріне жеткізіліп, табысталды.

Еске салайық, Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстаннан 140 мыңнан астам адам аттанды. Олардың басым бөлігі елге оралған жоқ. Майдан даласындағы жанқиярлық ерлігі үшін оңтүстікқазақстандық 51 жауынгеге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ал 8 бірдей жерлесіміз «Даңқ» орденінің иегері атанды.

Фотосуреттерді түсірген: Әйгерім Бегімбет