Оңтүстікте биыл 67 білім нысаны ашылады

269

Оңтүстік Қазақстанда биыл 101 білім нысанының құрылысы жүруде. Олардың ішінде 82 мектеп болса, 14-і — жаңа балабақша. Ал қалған 5 құрылыс — мектеп жанындағы қосымша ғимараттар. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

001

Салынып жатқан білім нысандарының 67-і биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 49 білім нысандарының 27-і апатты, 3-і үш ауысымды мектептер болса, 13-і — балабақша. Сондай-ақ, балғындарды балабақшамен қамту мақсатында жыл соңына дейін 12 мың баланы қамтитын 95 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға беріледі.

48 балабақша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылмақ. Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саяаты және тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, өңірімізде 1-6 жас аралығындағы 151948 баланы қамтитын 1412 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Естеріңізге салсақ, былтыр өңірде 115 білім нысаны салынған болса, «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі 160 ұйым іске қосылған.