Оңтүстіктің кәсіпкерлері ЭКСПО-2015 көрмесіне қатыса алады

208

Оңтүстіктің кәсіпкерлеріне тамаша мүмкіндіктер ашылып отыр. Бұл тек өз өнімін сыртқа шығару үшін емес, сол өнімді өндіруді жаңа бағытта іске асыруға тиімді шарттарды білуде де таптырмас шаралар болмақ.

Облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев арнайы брифинг өткізіп, «Шымкентинновация» мекемесі және кәсіпкерлік басқармасы 2015 жылға жоспарлаған ауқымды жобалар мен форум, көрмелер туралы баяндады. Маусымның соңынан қараша айының соңына дейін атқарылатын жұмыстардың негізгі мақсаты — өңірдің әлеуетін кәсіпкерлік саласын дамыту арқылы көтеру болып отыр.

Яғни, бүгіннен бастап шағын және орта бизнесті қолға алғандар Миландағы ЭКСПО-2015-ке қатысуға және өзге де жобаларды іске асыруға мүмкіндікке ие бола алады.