Оңтүстіктің оқушылары АҚШ-тан жеңіспен оралды

253

Мамыр айының басында Америка Құрама Штаттарының Хьюстон қаласында өткен халықаралық ғылыми жобалар байқауында Оңтүстік Қазақстаннан барған қос бірдей оқушы жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

001

Аталмыш білім додасына АҚШ, Ресей, Жапония, Корея, Қытай, Түркия сынды мемлекеттің білімді жастары қатысқан. Жас ғалымдар арасында өткен жарыста жерлестеріміз қола медаль иемденіп отыр.

Физика, энергия, инженерия бағытындағы өткен жарысқа 67 мемлекеттен 668 оқушы қатысқан. Оның 12-сі — Қазақстандық оқушылар. Әлемдегі ең ауқымды білім сайысына Шымкенттен Төрегелді Айтбек пен Алисұлтан Абдуллаев қатысқан.

«Археологиялық материалдардың құрамын зерттеу» тақырыбында ауқымды жоба жасаған 11 сынып оқушысы Төрегелді Бақтыбайұлы өзінің жұмысын толықтай шет тілінде қорғап шығу оңайға соқпағанын айтады.

Сондай-ақ, Шымкенттегі «Жас ғалым» журналы мен «Жасұлан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен сайыста да жеңімпаздар анықталды. Екі бағыт бойынша ғылыми және шығармашылық жұмыстарын конкурсқа жіберіп, жетістікке жеткен оқушылар «Жас ғалым» номинациясымен марапатталды.