Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов Қазығұрт пен Төле би аудандарында болып, салынып жатқан әлеуметтік нысан құрылыстарымен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

004

Жұмыс сапарын Қазығұрт ауданынан бастаған Б.Оспанов Алтынтөбе, Қарабау, Тұрбат елдімекендеріндегі 300 орынды мектептің құрылысымен және Қызылқия ауылындағы апатты мектеппен танысты. Аудандағы газ, ауызсу жүйелерін жөндеу жұмыстарын бақылады.

003

Бүгінгі таңда Қазығұрт ауданындағы 64 елдімекеннің 70 пайызы ауызсумен қамтылған. Аудандағы 11 ауылда қазір ауызсу кестемен берілсе, қалған 30-ға жуық елді мекен тұрғындары 24 сағат таза ауызсуды пайдаланып отыр.

Төле би ауданындағы Бейнеткеш, Әңгір ата, Қазығұрт елдімекендеріндегі мектептер мен аудан орталығындағы 280 орынды балабақша құрылысымен танысқан Б.Оспанов мердігер ұйымдарға жоспарланған жұмыстарды бекітілген кесте аясында уақтылы әрі сапалы аяқтауды міндеттеді.

002

Халықты ауыз сумен, көгілдір отынмен қамту бағытында қолға алынған шаралар жайлы жауаптылардың есебін тыңдаған Б.Оспанов жыл соңына дейін межеленген жоспарды өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Леңгір қаласында құрылысы жүріп жатқан 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй мен инфрақұрылымдарды тарту жұмыстарын өз көзімен көрген облыс әкімінің бірінші орынбасары олқылықтарға жол берген басшыларға бірқатар сын-ескертпелер айтып, кемшіліктерді тез арада жоюды жүктеді.

Бұдан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.