Сайрам ауданында 160 орынды жаңа балабақша пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған екі қабатты «Бақдәулет-Гриб» балабақшасында 40-қа жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

005

Балғын балаларға қуаныш сыйлап, мектепке дейінгі мекемені салуға демеушілік жасаған – жеке кәсіпкер Сиқымбай Сағындықов. Үш тілде білім беретін балабақшада өрендердің алаңсыз тәрбие алуына және олардың бойына білімнің алғашқы негізін қалауға қажетті жағдайдың барлығы жасалған.

Мұнда елдігіміз бен бірлігімізді дәріптейтін түрлі үйірмелер мен балғындардың салауатты өмір салтын ұстануына арналған ойын алаңшалары да қамтылған.

Жалпы, биыл облыс аумағында балғындарды балабақшамен қамту мақсатында жыл соңына дейін 12 мың баланы қамтитын 95 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға беріледі. Оның 48-і мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылмақ.