Шымкентте көктемгі шақырылым бойынша 50 жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Азаматтардың денсаулығы, моральдық-психологиялық тұрақтылығы, білімі ескеріле отырып іріктеуден өткен.
Енді жас сарбаздар қорғаныс министрлігіне қарасты әуе ұтқыр күштерінің қатарындағы сарбаздар қатарын толтырады. Осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің құрылымдары қатарына жіберілген жас сарбаздар алдағы уақытта әскер қатарына аттанады.
Жалпы 3 науқандық шақырылымда 600-ге тарта сайдың тасындай жігіттер Отан алдындағы борышын өтейді деп күтілуде.