Облыс аумағында балық аулауға тыйым салынды. Су жәндіктерінің уылдырық шашу кезеңіне байланысты жергілікті маңызы бар барлық су қоймалары мен өзен-көлдерде 15 сәуірден 31 мамырға дейін балық аулауға тыйым салынып отыр.
Соған қарамастан осы аралықта заңсыз жолмен балық аулуға қатысты 30 дерек тіркеліп отыр. Оның ішінде суға электрлі қармақ салған балықшыға қылмыстық іс қозғалған.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_wqobjtk6ig[/youtube]
Браконьерліктің жолын кесетін шараға қарамастан Шымкентегі көтерме сауда нүктелерінде балықтың түр-түрі толып тұр. Ал жергілікті балық шаруашылығына жауапты мамандар кәсіпкерлік нысандарда тексеру жұмыстарын жүргізуге құзыры жоғын алға тартады.