Шымкент қаласы бойынша бүгін алты мыңнан аса түлек мектеп бітірді. Олардың қатарында 156 оқушы «Алтын белгіден», ал 80-і үздік атестаттан үміткер. Шымкент шаһарының басшысы бүгін №65 мектептегі соңғы қоңырау салтанатты шарасына қатысып, бітіруші түлектерді мерекесімен құттықтады.
Бала шақтан болашаққа қадам басқан жастар бұл күні ерекше сезімде болды. Қоштасу кешінде 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан мұғалімдеріне рахметін айтты.
Білім ұясынан қанат қаққан түлектердің мақсаты зор. Биік шыңдарды бағындарамыз деген жастар қоштасудың соңында ақ тілектерін шарға жазып, әуеге ұшырды.