Сүйінші! Шымкентте үшем дүние есігін ашты. Қазір сәбилердің денсаулығы қалыпты, анасы да өзін жақсы сезінеді. Үш қызға ата-анасы Әмина, Жания, Раяна деп ат  қойыпты.

002

Бір ұл, бір қыздың анасы Айнұр тағы үшемді дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атануда. Сәбилер ай-күніне толмай туылғандықтан, салмағы небәрі 1 келі 600 грамм, 1 келі 700 грамнан тартады.

Жас ананы құттықтау үшін перзентханаға әділет департаментінің өкілдері арнайы келді. Үшем тапқан бақытты анаға балалардың туу туралы куәліктерін тапсырып, сый-сыяпат көрсетті. Үшемнің әжесі Мәриям Толағанованың да қуанышында шек жоқ. Ұрпағы көбейіп, өрісі кеңейген ол немерелерін қолға алғанша асықтым дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=y3kku-GfsNI[/youtube]

Сәбилер 20 мамырда Шымкенттегі облыстық №1 перинаталдық орталықта дүниеге келген. Дәрігерлер ешқандай асқынусыз келіншекті босандырып алдық дейді. Алайда, перзентханаға түскенде жас ананың денсаулығы біраз алаңдатқан сыңайлы.

Тиісті салмақ қосып болған соң бұл сәбилер перзентханадан шығарылады. Айта кетейік, перинаталдық орталықта осымен 3 рет үшем дүниеге келіп отыр.