Шымкентте Никас Сафроновтың көрмесі ашылды

547

IMG_1880

Шымкентте ерекше көрменің ашылу салтанаты өтті. Облыстық бейнелеу өнері мұражайында ресейлік суретші Никас Сафроновтың таңдулы шығармалары қойылды. Әлемнің атақты деген 100 суретшісінің қатарынан көрінген қылқалам шеберінің туындыларын тамашалауға келгендердің қарасы көп болды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=W0IGgLsEdn4[/youtube]

 

Көрменің ашылуында қылқалам иесінің өзі болмады. Есесіне келушілер көп болды. Көрмеге қойылған туындылары суретшінің шеберлігін байқатып қана қоймай, дүниетанымын ашып берді. Көрмеге 150-ден астам шығарма қойылды. Олар — классикалық портрет, пейзаж, символдық бағыттағы сюжеттік композициялар.

IMG_1885

Наталья Христенко, арт-директор: Никас Сафронов — өте белгілі адам. Ол қалада көптеген адамдарды көрмелерді көруге алып келеді. Соның нәтижесінде қаншама адам қалада мұражай мен көрме залдары барын білді. Ол тек суретші ғана емес, сонымен қатар мәдени-ағартушы десек те болады.»

IMG_1859

IMG_1853

IMG_1860

Қылқалам иесінің туындылары үлкен сұранысқа ие. Оның көптеген туындыларын әлемнің белгілі жәдігер жинаушыларының жиынтығынан кездестіруге болады.

IMG_1865

IMG_1857
Экспозицияда 20-дан астам портеттік туынды бар. Мұндағы кейіпкерлердің барлығы әлемге танымал. Оның ішінде премьер-министр Кәрім Мәсімов те бар. Бір қызығы бұл кейіпкерлердің көбісін суретші өз алдына отырғызып салған екен.

IMG_1854

Берік Сабаев, суретші:»Жұмыстар мені таң қалдырды. Әсіресе портреттік туындыларындағы кейіпкерлердің ішкі обрызын өте жақсы ашқан.»
IMG_1868
Көрме елімізде Астана, Алматы, Қарағанды және Өскемен мен Ақтау, Атырау тұрғындарының назарына ұсынылған. Ал оңтүстікқазақстандық өнерсүйер қауым үшін экспозиция 20 маусымға дейін тұрады.

IMG_1873

IMG_1870

IMG_1867

IMG_1886

IMG_1888

IMG_1890

IMG_1893

IMG_1892

IMG_1891