Шымкенттіктер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

1904

31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осы күні Шымкент қаласында зобалаң құрбандарын еске алуға арналған іс-шаралар өтті. Қалың жұртшылық «Қасірет» мемориалына жиналды.

_MG_0673

Осында ленинизм-сталинизм жүйесінің азабын тартып, жанын қиған боздақтардың әруағына құран бағыштап, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

_MG_0685

_MG_0709

_MG_0722

_MG_0732

«Қасірет» мемориалы қазіргі Қайтпас елдімекеніндегі Түлкілісай атанған мекенде орналасқан. Мұнда репрессияға ілінген қаншама қазақ азаматтары қорғасын оққа байланып, ажал құшқан.

_MG_0688

_MG_0745

«Қасірет» мемориалындағы еске алу шарасына саяси қуғын-сүргін құрбандарының бүгінгі ұрпақтары келді. ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайдың ұйымдастыруымен өзге облыстардан да келушілер көп болды.

_MG_0743

«Қасірет» мемориалында басталған еске алу шарасы облыстық орыс драма театрында жалғасты. Мұнда «Тағзым» атты еске алу іс-шарасы өтті. Алдымен, драматург Сая Қасымбектің «Қасірет аралы» атты дүниесі сахналанды. Бұл қойылымда АЛЖИР лагеріндегі қазақ әйелдерінің ауыр да, азапқа толы күндері көрсетілді. Қоюшы-режиссері Самат Алтай.

_MG_0762

«Халық жауы» атанып, атылған азаматтардың әйелдері сол кездегі РКСФР Қылмыстық Кодексінің 58-бабы, 17 тармағы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Оларды АЛЖИР лагерінде ұстаған.

_MG_0818

_MG_0839

_MG_0863

_MG_0887

Тұтқындағы әйелдердің қатарында Тұрар Рысқұловтың әйелі Ғазиза Рысқұлова, Бейімбет Майлиннің әйелі Гүлжамал Майлина, Жұмат Шаниннің әйелі Жанбике, Сұшлтанбек Қожановтың әйелі Күләнда Қожанова сынды адал жарлар болды.

_MG_0898

_MG_0902

1937-1938 жылдары қазақ ерлерімен қатар, оннан астам қазақ қыз-келіншектері атылған. Солардың бірі — Шахзода Аронқызық Шонанова. Шахзода — белгілі қоғам қайраткері, заңгер Бақытжан Қаратаевтың туған інісі Аронның қызы болған.

_MG_0910

_MG_0915

_MG_0925

_MG_0929

Қазақ әйелдері АЛЖИР-де аса асапты күндерді бастарынан өткерген. Сәкен Сейфуллиннің баласы Аян АЛЖИР-де көз жұмады. Оны анаасы үш күн бойына қолына ұстап жүріп, ешкімге бермеген.

Деректерге қарағанда, АЛЖИР-де 1 706 бала дүниеге келген. Бала дүниеге келгеннен кейін есі жасқа толғанша анасының қасында болады. Екі жасқа толғанда анасынан ажыратып, Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі балалар үйіне таратады.

_MG_0940

Қаншама қазақ әйелдері күйеулерін итжеккенге айдап, қамауға алған кезінде жарларының соңынан іздеп барған.

_MG_0950

_MG_0952

 

Саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының қатарында Ұзақбай Құлымбетовты қызы Қатира Құлымбетова, Қазыбек Сейітовтың қызы Клара Сейітова, Жұмат Шанинның ұрпағы Райхан Шанина сынды адамдар келді.

Кенесары ханның да ұрпақтары қатысты. Атап айтқанда, Раушан, Мадина Кенесариевалар, Асылхан Әшімхановтар болды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=AZuQZEMZXTo[/youtube]

«Тағзым» еске алу кешінен соң,  саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына бағышталған ас беріліп, құран бағышталды.

Фотосуреттерді түсірген: Әйгерім Бегімбет