Шымкентте баласы анасына бауырын берді

Шымкентте екінші рет жасалған бауыр ауыстыру отасы оң нәтижесін берді. Бүгін Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасындағы науқастардың жағдайымен тілшілер қауымы танысып, бас дәрігерге, науқастарға сауалдарын қойды.

002

Түлкібас ауданының 53 жастағы тұрғынына бауырының жартысын баласы берген. Беларусьтық белгілі трансплантолог Олег Руммоның қатысуымен 11 сағатқа созылған операция 5 мамыр күні жасалды.

003

Алғаш рет бауыр алмастыру отасын жергілікті дәрігерлер өткен жылы бастады. Бұл — екіншісі. Жасалған операциядан соң қазір ананың да, бауырын берген баласының да жағдайы жақсы.