Шымкенттегі сорғы зауыты отандық нарықты қамтып отыр

208

Шымкеттегі «Karlskrona LC AB» серіктестігі отандық нарықта он жылдан бері қызмет етіп келеді. Кәсіпорын — дискілі бұрылмалы бекітпелер мен сорғылар өндіретін бірден бір өндіріс орны. Жылына 6 мыңнан аса өнімді шығарып, отандық сұранысты қамтып отыр. Алдағы уақытта шетелдің тапсырысын қанағаттандыруға бек дайын.

vlcsnap-2015-05-20-14h29m14s212

Уәлихан Ахметов, «Karlskrona LC AB» ЖШС бас директоры: «Біздің өнім, оны өндіру технологиясы ТМД елдері бойынша жоқ. Бірінші артықшылығымыз — ғылыми дәлелденгені, екіншісі — жоғары технология».

Өңіріміз тұрмақ республикадағы үздік кәсіпорынның жұмысымен үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы танысты. Дайын өнімнің сапасына назар аударды. Зауыттың өндірістік цехындағы қызу жұмысты көріп, өз бағасын берді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=dI_HKcDq7RY[/youtube]

Дискілі бұрылмалы бекітпелер су құбыры жұмыстарына көптеп пайдаланылады. Ал «Зулзер» консольді сорғыларына сұраныс көп. Сапасы жоғары өнім жергілікті мамандардың қолдарынан шығады.

Цехта жиырмаға жуық адам жұмыс істейді. Олар арнайы оқытылып, дайындалған. Әр тоқсан сайын біліктіліктерін арттыру үшін оқуға жіберіледі.

Сорғыларға бес жылдық кепілдік беріледі. Жарамдылық мерзімі жиырма-отыз жылдан асады. Мұндай сорғылардың жылына 7500 данасы шығарылады. Ал бұрылмалы бекітпелерден бір жылда алты мың данасы өндіріледі. Өнім Кеден одағы елдеріне таратылады.