Оңтүстікте сот орындаушылары жетіспейді. Бұл туралы тиісті сала мамандары әділет департаментінде бас қосқан жиында айтылды.
Әсіресе, жеңіл автокөлік иелерінің қитұрқы әрекеттері шаршатып бітті дейді сот орындаушылары. Айтуларынша, кейбір көлік иелері ереже бұзып, бейнекамераға түсіп қалғаннан кейін темір тұлпарларын сатып жібереді екен. Ал бұл, сәйкесінше, мамандардың жұмысын қиындатуда.
Өңірде онсыз да сот орындаушылары жетіспейді екен. Дегенмен айыппұлдан осылайша жалтармақ болған жүргізушілердің әрекеттері іске аспайын деп тұр. Оларға деген жаза мүлдем қатаңдатылмақ.
Жыл басынан бері сот орындаушылары бөліміне бір ғана әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша 23 206 атқару құжаты келіп түскен. Жиында, сондай-ақ, өз баласы үшін алимент төлемейтін әкелер туралы айтылды.