Облыстық білім басқармасы түлектердің көлік кортеджімен қыдырып, саябақтарда серуендеуге тыйым салған болатын. Бұл жайында жиналыстар жасалып, ата-аналарға ескертілді де. Алайда, қалалық білім бөліміінң ескертулері мен жол-патрульдік полициясының сақшылары жүргізген рейдтік шаралар нәтижесіздігін көрсетті.
Түлектердің білім ұясындағы соңы қоңыраудан кейінгі сауық-сайранында қауіпсіздігі үшін оқытушылар демалыс орындарында бақылау жасады. Өйткені әр мектептің оқушылары жиналған саябақтарда қақтығыстың шығу қауіпі жоғары.
Азат Бердалы, облыстық білім, жастар саясаты және тілдер басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі: «Басқарама тарапынан қала, аудандардағы мектептер мен ішкі істер департаментіне хат жолданды. Онда 25 мамыр күнгі соңғы қоңыраудан соң түлектердің жеңіл көлікпен, саябатқарда қыдырылуына тыйым салынған.»
Дендро саябағында жағдай мүлдем басқаша. Мұнда түлектерден қымбат көліктердің саны көп. Кортедждің бірі кетіп, бірі келіп жатты. Ал енді бірі орын алған кептелісінен саябаққа кіре алмады. «Өмірде бір келетін бұл мерекені қалай өткізсеке те өз еркіміз» дейді түлектер.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=knZRXHsQpIk[/youtube]
Ғани Қалмаханов, түлек: «Бүгін біз үшін үлкен мереке. Қазір тағы саябақтарға барамыз. Бүгін қуамыз!»
Бітірушілердің қауіпсіздік шарасы жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне жүктелді. Рейдттік шара барысында артығымен адам мінгізілген көліктер тоқтатылып, әкімшілік хаттама толтырылды. Ал түлектер мәселені шешу үшін таныстарына қоңырау шалып жатты.