Түркістанда халықаралық конференция өтті

354

«Қазақ мемлекеттілігіндегі қазақ хандығының орны.»  Түркістан қаласында дәл осындай тақырыпта залықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы негізінде ұйымдастырылған. Конференцияға Қазақстан, Түркия, Иран, Оңтүстік Корея, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және т.б. елдерден 200-ден аса тарихшы, философ, теологтар жиналды.

Халықаралық конференция қатысушылар бірінші болып «Қазақ хандары мен батырлары» атты қылқалым туындылары көрмесін және «Көркем суретті түркі халықтары мұражайын» тамашалады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=s6rEHEhsLhs[/youtube]

Ғылыми жиынды Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Сапарбаев Бердібек, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдаған құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, академик Әбжан Хангелді «Қазақ мемлекеттілігінің тарихи дәуірлері» атты баяндамасын оқыды. Тың деректермен жиналған көпшілікті таңқалдырды.

Әлем тарихшылары Қазақ елінің тарихынан сыр шертер зерттеулерін көпшілікке паш етті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған конференцияда оқылған баяндамалар, зерттеулер арнайы жинақ болып шығады.

Айтпақшы, ғылыми жиынның қонақтарын «Түркі тілдес халықтар кітапханасы» қатты қызықтырды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар аталмыш кітапхана мен мұражайға естелік ретінде өздерінің құнды кітаптарын табыстады.