«Юг Пром Сталь» кәсіпорны дамып келеді

485

Шымкенттегі «Юг Пром Сталь» кәсіпорны мемлекеттік бағдарлама арқасында аяғына тік тұрды. Кәсіпорынның несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы қолдау көрсетілді.

003

Кәсіпорын жылу энергиясына, тұрғын үй, коммуналдық қажеттіліктері үшін құбырлар, түтікшілер, профильдер, болатты фитингтер, металды тақтайшалармен қатар түрлі құрылыс материалдарын өндіреді. Бұл салада 10 жылдан астам тәжірибесі де бар. Өнімдер заманауи әрі сапалы түрде жасалады.

Шикізатты Теміртаудағы отандық компаниялардан сатып алады. Дайын өнімдерді өткізу нарығы реттелген. Яғни тұрақты тұтынушылары бар. Мемлекеттік бағдарламаға қатысу арқылы арнайы қойма құрылысы жүргізіліпті. Өткен жылы 117 млн теңге несие алса, оның жеті пайызын субсиядияланған. Кәсіпорында 28 қызметкер жұмыс істейді.