А.Байтұрсынов пен А.Әлімбетов көшелерінің қиылысы
А.Байтұрсынов пен А.Әлімбетов көшелерінің қиылысы
А.Байтұрсынов пен А.Әлімбетов көшелерінің қиылысы
А.Байтұрсынов пен А.Әлімбетов көшелерінің қиылысы
А.Байтұрсынов пен А.Әлімбетов көшелерінің қиылысы

«Көшенің арғы бетіне жаяу өтуге қорқып қалдық», «көлік жүргізушілерінде мәдениет қалмады», «ережесіз жол жүру». Таныс ұғымдар, иә? Өйткені расымен де жол көлік қозғалысын көргенде бұл пікірмен келіспеске шара қалмайды.  Дегенмен қала көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолақтарын көлік жүргізушілері байқай бермейтінін естен шығармаған да абзал. Себебі ала сызық бояуы өшіп кеткен. Ал орнатылған арнайы белгілер кейбір жүргізушінің назарынан тыс қалып жүр.

Жарқын Байдуллаев, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

– Жол белгілерін қайта жаңарту шаралары қолға алынды. Соның ішінде жаяу жүргінші жолақтарын жаңарту шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ал Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының алдындағы жаяу жүргінші жолағының бояуы жолды салған мердігер компанияның сапасыз жұмысы салдарынан сондай күйге түскен. Келісімшартта көрсетілген талапқа сай компания жол жиегі мен жолақтарды сапасыз сызғандықтан қайта сызу шараларын жасауға тиіс.

Халық үйінің алдына «лежачий полицейский» төсеп беруді талап етеді. Алайда ол үшін тек жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілердің емес, жол патрульдік полициясы қызметкерлерінің де шешімі қажет. Талапқа сай  жолда жүру белгілері кез келген жерге орнатыла бермейді. 

Жолдың қарсы бетіне өтерде талай жүргіншінің көлік астына түсе жаздағанына куә болып жүрміз. Оның бірден-бір себебі жолақ бояуларының өшіп кетуі. Алыс-тан менмұңдалап тұрмағандықтан жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші тежегішті басып үлгере алмай қалады. Әрине, мәселе тек жолаққа келіп тірелмейді. Жаяу жүргіншілер жүретін жол бойына ережеге сәйкес белгілер орнатылатыны бар. Алайда, ол да тығырықтан шығатын жол емес. Мәселен, А.Байтұрсынов көшесі бойындағы А.Әлімбетов аялдамасындағы жаяу жүргінші белгісі қоғамдық автобустардың аялдайтын тұсына жақын орналасқан. Бір-бірімен жарысқан автобустар белгіні жауып, келесі бағытта келе жатқан көлік жүргізушісіне белгі көрінбей қалады да салдарынан талай жанның өміріне нұқсан келтіре жаздағаны жасырын емес. Мәделі қожа көшесінде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының алдында да осы жағдайға жиі ұшырасамыз. Осы ретте жолақтардың бояуы қашан жаңарады деген сауалмен Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бардық. Айтуларынша, қала көшелеріндегі белгілерді, соның ішінде жаяу жүргінші жолақтарын бояу жұмыстары енді қолға алыныпты. Өйткені бояу шараларын жасау ауа райының жылынуымен байланысты екен. Бүгінде Шымкенттегі көшелерде жолақтар жаңару үстінде. Екі айға жоспарланған жұмыс осы мерзім өткен соң қайта боялып отырады. Бұл жұмыстар қыс ауасы түскенше жалғасуы тиіс. Шымкенттегі жолақтар екі түрлі бояумен боялады. Оның бірі – акрил. Бұл бояудың бағасы пластикалыққа қарағанда арзан. Бірақ екі ай мерзімнен соң қайта бояуды талап етеді. Ал пластикалық түрі қысы жазы сол қалпын өзгертпейді. Жаңбыр жауғанда қайта жуылып, алыстан анық көрінеді. 1 жылға дейін түсін өзгертпейді. Мұндай жолақтарды ірі көшелерден байқауға болады. Айтпақшы, жаяу жүргінші белгілерін орнату жұмыстары да қарқын алуда. Былтыр Шымкентте заманауи талапқа сай күн сәулесінен қуат алатын, жанып-өшіп белгі беретін 90 дана жол жүру ережесінің белгісі орнатылған. 2015 жылы 40 данасы қойылады. Бұл өз кезегінде жүргізушіге жолдың жаяу жүргіншілерге арналғанын оңай байқауына септігін тигізеді.

А.Байтұрсынов көшесі «Студент қалашығы» аялдамасының маңы
А.Байтұрсынов көшесі «Студент қалашығы» аялдамасының маңы

 

 

Жол көлік оқиғасының алдын алуда жасанды кедергілердің де атқаратын рөлі маңызды. Бүгінде облыс орталығында 1300 метр жасанды кедергілер бар. Биыл 350 метр «лежачий полицейский» төсеу жоспарланған.  Оның 180 метрі төселіп үлгерген. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілі көшелердегі цементтен төселген кедергілер заңға қайшы екенін атап өтті. Ережеге сәйкес жасанды кедергіге  резеңке аралас материал қолданылады. Ал, кейбір көшелердегі цемент кедергіні кім төсеген? Әрине, тұрғындардың өздері.  «Әрине, мұндай әрекетке қай тұрғынның барғанын білмейміз. Қолымызда дәлел жоқ болғандықтан ешкімге арыз түсіре алмаймыз. Қолдан келетіні тек байқаған тұста ол кедергілерді жойып отырамыз», – деді бөлім басшысының орынбасары Ж.Байдуллаев.

19-011

 

19-010

19-012

Естеріңізде болса, былтыр Павлодарда 3D форматтағы жаяу жүргінші жолақтары пайда болған еді. Бұл жол көлік оқиғасының алдын алу мақсатында жасалынған бастама болатын. Бірақ, шымкенттіктер үшін мұндай форматты жолақтарды көру әзірге бұйырмай тұр. Өйткені, жоспар жоқ.

Жансая Тәуекелқызы

«Оңтүстік Рабат», №19, 13.05.2015