Жеке үйлердің қалдық суы көршілерінің ауласына жиналуда

351

Шымкенттегі «Отырар» шағынауданының тұрғындары экологиялық проблемаға тап болды. Зардап шегіп отырған көпқабатты үй тұрғындарының айтуынша, көрші «Тараз» шағынауданындағы бірнеше үйдің кәріз құбырынан ағатын қалдық осы маңдағы аулаға жиналатын көрінеді.

002

Соның салдарынан санитарлық талаптар бұзылып, ауа ластанған. Көпқабатты 3 үйде тұратын 60 отбасы мұндай жағдайға өткен жылдың күзінде тап болған. Бітелген кәріз құбыры жеке меншікте болғандықтан, иесінің өзі тазартуы тиіс. Халықтың ендігі үміті — жергілікті билікте.