Шымкенттегі «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның футбол алаңына жаңа қақпа орнатылды. 1969 жылы орнатылған темір қақпа УЕФА-ның талабы бойынша аллюминий қақпаға ауыстырылды.
Ресейден жеткізілген қақпаның бағасы 2 млн теңге дейді мамандар. Осыдан үш ай уақыт бұрын Шымкентке Европа футбол федерациясы қауымдастығының арнайы комиссиясы келіп, Қажымұқан атындағы орталық стадионның әкімшілігіне бірқатар талаптар қойған болатын.
Енді «Ордабасы» футбол командасы Европалық лига ойындарында өз алаңында кездесулер өткізе алуы үшін стадион басшылығы қойылған талаптарды орындауы керек.