Қылмыстық-атқару инспекциясының инспекторы 3 жылға сотталды

217

Шымкент қалалық қылмыстық-атқару инспекциясының бөлім инспекторы 3 жылға сотталды. Сот үкімімен айыпталушының мүлкі тәркіленді.

Абай аудандық соты оны 800 доллар көлемінде пара алды деп айыптап отыр. Айта кетейік, үстіміздегі жылдың қаңтар айында облыстық ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына сотталған азаматтан шағым түскен. Айтуынша, инспектор оның сотталғанын жоюға көмектесемін деп, сол үшін 1000 долларын талап етіпті.