Облыс әкімі А.Мырзахметов Созақ ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап көрді. Алдымен аудан орталығы Шолаққорған елдімекенінде орналасқан кәсіпкерлік мектебінде болып, жаңа нысанның алдағы атқарылар жұмысымен танысты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

009

Құрылысы бес жарым айда салынып біткен ғимараттың жалпы ауданы 660 шаршы метрден астам. Енді бұл ғимаратта 55 адам жұмыспен қамтылмақ. Кәсіпкерлік мектебінің жұмысын жүйелеуді ауданның жауапты сала мамандарына мықтап тапсырған өңір басшысы жұмыссыздықты азайту үшін өз кәсібін бастаған азаматтарға барынша қолдау жасау жергілікті биліктің негізгі міндеті екенін айтты.

010

Су көздерін барынша тиімді пайдалану уақыт талабы. Ағын су қоры аз Созақтағы кез келген іс ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы заманауи технологияларды ұтымды қолдануды қажет етеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bNTpoT3hdCU[/youtube]

Осыған мысал ретіндегі Теріскейдегі «Сасықбұлақ» шаруа қожалығын айтуға болады. Мұнда 15 гектар жерге тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы алма, өрік, алмұрт, шабдалы сынды жеміс ағаштары егілген. Облыс әкімі осы қожалықтың алма бауында болып, шаруашылықтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, осындағы жаңа бассейн құрылысын аралап көрді.

Шолаққорғандағы индустриалды аймаққа арнайы барған Асқар Исабекұлы осында жүзеге асып жатқан жобаларды саралап, жергілікті билікке бірқатар жаңа міндеттер жүктеді. Жалпы Созақтағы бұл индустриалды аймақта уран өндірісіне қажетті метал бөшкелер мен өндіріс орындарына қажетті құрал-жабдықтар шығару сынды жобалар іске асқан.

011

Бүгінде мұнда ас тұзын өңдеу, пластмасса қалдықтарынан шикізат өндіру мен кірпіш зауыты сынды жобалар қолға алынып, жоспарлы жұмыстар жалғасын табуда.

Сапарды осы аймақта қорытындылаған облыс әкімі жауапты басшыларға индустриалды аймақтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану, кәсіпкерлерге жағдай жасау, жеке кәсібін бастаған азаматтарға қолдау көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берді.