№ 3 балалар үйінің тәрбиеленушілері қуанышқа бөленді

1256

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері 1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкенттегі №3 балалар үйіндегі бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

001

Мерекелік іс-шарада департаменттің баспасөз хатшысы Е.Ермаханбетов балаларға департамент басшылығы атынан ыстық лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, сый-сыяпаттарды табыс етті. Сонымен қатар, мемлекет өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін көптеген жағдайлар жасауда, соның ішінде балалар құқығының қорғалуы басты міндет екенін атап өтті.

_гл

Қонақтарды асыға күткен бүлдіршіндер де өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би билеп, түрлі спорттық ойындарды да бірге ойнап, қызықты да көңілді күй кешті.

002

Атап өту керек, №3 балалар үйінде жасы 3 пен 11 аралығында жалпы саны 70 балдырған тәрбиеленуде. Ата-ананың қамқорлықсыз қалған жартылай және тұл жетімдердің құқығын қорғау – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастырудың алғышарты дейді департамент өкілдері.