Облыс орталығындағы №3 жылу-энерго орталығы өз жұмысын толығымен тоқтатты. Кәсіпорын 2 маусымнан бері тұралап тұр. Мекеме басшылары қаражат тапшылығынан амалсыз осындай қадамға барғандарын айтып ақталуға тырысты.
Есесіне орталық өзге жолмен есебін түгендеп алмақшы. Шілде айының бірінші жұлдызынан бастап жылу бағасы 19 пайызға қымбаттайды.