«Алтын сапа» байқауына іріктеу басталды

320
Фото: //24.kz

Қазақстандық үздік тауар өндірушілерін анықтайтын «Алтын сапа» байқауына іріктеу басталды. Отандық өнімнің мәртебесін көтеретін байқау биыл оныншы рет ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың ұйымдастырушылары ретінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітілді. Байқауға алпауыт өндіріс орындарынан бөлек шағын кәсіпорындар да қатыса алады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылары ұлттық байқауда оңтүстікқазақстандық өндіріс орындары да бақ сынайтынын жеткізді. Тағы да үміткерлер табылып жатса, 1 шілдеге дейін құжат қабылданаты мәлім болды.