Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізі ақылы болады

395

Келер жылдан бастап Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізі ақылы болады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының облыстық филиалының директоры мәлімдеді. Мұхтар Дүйсенбековтың айтуынша, жүргізушілер көліктеріне байланысты ақы төлеп жүреді. Халықаралық жолды талапқа сай күтіп ұстау үшін осындай шешім шығарылып отыр екен.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан аумағынан өтетін транзиттік дәліздің 224 шақырымы пайдалануға берілген. Ал Шымкент-Тараз, Шымкент-Ташкент бағытындағы жол 2017 жылға дейін аяқталып, пайдалануға берілмек. Халықаралық маңызы бар бұл жол да 2022 жылы толықтай ақылы болады. Барлық маңызды жолдардың бойында алты жүзге жуық нысан қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.

Мұхтар Дүйсенбеков, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ ОҚО филиалының директоры: «Шлагбоум тұрады. Сіз машинаңыздың түріне қарап, жеңіл машина ма, орташа машина ма, үлкен машина ма — соған қарап ақылы болады. Мысалы жеңіл машинаға шақырымына 1 теңге төлейді. Сіз 200 теңге бересіз де 150-160 шақырым жүресіз. Ал жолаушы таситын «Газельдердің» жүру ақысы 1-5 теңге аралығында болады. Болмаса абонемент аласыз. Айына 5 мың теңге төлеп, жүре бересіз. Сол сияқты шетелден келгендер де бағытын көрсетіп, ақылы жүреді».