"Тау самалы" лагері жайында тақпақтар айтылды

Оңтүстіктегі 5 бірдей сауықтыру лагеріндегі жағдай саниарлық-эпидемиололгиялық талапқа сай келмейді. Бұған қарамастан демалыс орындары жазғы маусымдағы жұмысын бастап кеткен.

Мұны балалар, білім беру және тағамға санитарлық-гигиеналық бөлімінің мамандары тексеру кезінде анықтап отыр. Айтуларынша, «Эдельвейс» лагерінің ас бөлмесінде ағымдағы жөндеу жұмыстарының аяқталғанымен, техникалық жабдықтар толық іске қосылмаған.

Балалардың жатын бөлмелеріндегі кереуеттердің сынған-қирағаны белгілі болған. Бассейндердегі күрделі жөндеу жұмыстары да аяқталмапты.

Түлкібас ауданына қарасты «Отырар» лагерінде де жағдай мәз емес. Мұнда ауызсу мәселесі шешімін таппай келеді. Асхана мен бассейнге су жеткізу мүмкіндігі жоқ. Төсек-орын жуу бөлмелерінің құрылысы бітпеген. «Жалын» лагерінде де осындай бірқатар кемшіліктер бар, бірақ әлі күнге түзелмепті.

Меруерт Серікбаева
Меруерт Серікбаева

Меруерт Серікбаева, балалар, білім беру және тағамды санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы: «Орбита» лагерінде ас блогы қанағаттанарлықсыз жағдайда екені және ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталмағаны анықталды. «Б.Саттарханов» және «Таң Нұры» демалыс орындарында қосымша ғимараттардың құрылысы мемелекеттік қабылдаудан өтпей жатып, балаларыы қабылдады. Оған қоса толыққанды төсек-орынмен қамтамасыз етілмеген. Балалардың демалыс бөлмелеріндегі құрылыс аяқталмаған. Бұл жағдай балалардың арасында жедел-ішек инфекциялық ауруларын туғызуы мүмкін. Тағамнан улану жағдайларына да әкеп соқтырады. Ал жөндеу жұмыстарының аяқталмауы тікелей денсаулыққа кері әсерін береді.»