Шымкентте кезекті жол апаты Қонаев даңғылы мен Іляев көшесінің қиылысында тіркелді. Мұнда үш автокөлік соқтығысқан.

000

«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоєамына тиесілі «Газель» автокөлікін «УАЗ» көлігі орта тұстан соғып, аударып жіберген. Соққының қатты болғаны соншалық, аударылған «Газель» қарсы бетте тұрған көлікті соққан.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_5YCHhEDHiE[/youtube]

Газ құбырындағы ақауларды жөндеу тобы шақыртуға бара жатқан көрінеді. Апат салдарынан үш адам жарақаттанған. Оның екеуі — «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің қызметкерлері. Тағы бірі — «БМВ» автокөлігінің жүргізушісі. Оқиға орнына келген дәрігерлер жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетті.