Оңтүстікке ЕҚЫҰ өкілдері келді

306

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аз ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары өкілдерімен кездесті.

003

Комиссардың кеңсе жетекшісі Х.Вилладсен, Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия елдері жөніндегі саяси кеңесші Д.Крофт және жобаларды үйлестіру менеджері М.Ангерман сынды жауапты тұлғалармен өткен жиынға өңірдегі салалық мемлекеттік органдардың басшылары мен этно-мәдени орталықтардың жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жайлы сөз қозғалып, ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының алдағы жұмыс сапарына қатысты мәселелер пысықталды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі