Оңтүстікте 5 жылда 308 денсаулық сақтау нысаны ашылды

350

Өңірімізде соңғы бес жылдың ішінде 308 денсаулық сақтау нысаны ашылды. Ал материалдық-техникалық жабдықталу 2,5 есеге өсті. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пакеев мәлімдеді.

008

‒ Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылған. Бүйрек пен бауыр трансплантациясы жолға қойылуда. Ана мен бала өлімі азайды. Бүгінгі таңда өңірімізде 110 медициналық ұйым жұмыс істесе, оларда 7308 дәрігер, 22027 орта буын қызметкерлері қызмет көрсетеді. Жыл сайын оқытылатын мамандар саны 10 есеге өсті. Оңтүстікте 70 мыңнан астам сәби дүние есігін ашады. Ауылдық жерлерде кадрлардың жетіспеушілігі 3 есеге төмендеді, ‒ дейді барқарма басшысы.

Соңғы жылдары жоғары технологияларды енгізу дәрежесі 5 есеге өсті. Шымкент қаласы — трансплантологиялық көмекті ендірген республикамыздағы 3-қала. Бізде 46 науқастың бүйрегі, 2 науқастың бауыры ауыстырылды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі