Облыс әкімі мемлекеттік қызметкерлерді мерекесімен құттықтады

602

23 маусым — мемлекеттік қызметкерлер күні. «Түркістан» сарайында мереке иелеріне құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов шенеуніктердің басын қосып, төл мерекелерімен құттықтады. Бірқатарына арнайы төсбелгі тағып, алғыс хаттарын табыстады. Еңбегі еленгендер де облыстың бірінші басшысын ұмыт қалдырған жоқ.

Көрермендер залында мемлекеттік қызметкерлер отырды

АсқарМырзахметов, облыс әкімі: «Мемлекеттік қызметкерлер — біздің әріптестеріміз, үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Соңғы жылдары атқарылып жатқан саясаттың нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысына жүктелген міндеттердің барлығы да жоғары дәрежеде орындалып жатыр деп айта аламын. Оны Елбасының өзі өңірімізге жасаған іс-сапарларында, белгілі бір салаға, облыстағы жағдайларға байланысты өзінің берген пікірінде бағасын айтып та жүр».

8200
Марапттау шарасының соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Мемлекеттік қызметкерлер құрметіне өнерпаздар әсем әндерін жолдап, өнер көрсетті. Айта кетейік, бүгінде ел аумағында 98 мың мемлекеттік қызметкер бар. Оның 8229-ы Оңтүстікте қызмет етеді.