Облыста медиазаңгерлер тапшы. Соның салдарынан халықтың құқықтық сауатын ашу мақсатындағы жариялынымдар аздық етіп жатыр.
Бұл туралы облыстық журналистер одағының есептік жиынында айтылды. Сондай-ақ, басқосуда журналистердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы да сөз болды.
Айта кетейік, Оңтүстікте 236 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Атап айтқанда 12 телеарна, 3 радио және 9 интернет-ресурс құралдары жергілікті халықты жаңалықтармен қамтуда. Сондай-ақ өңірде 175 газет пен 37 журнал жарық көреді.
Айгүл Қапбарова, облыстық журналистер одағының төрайымы: «Құқықтық тақырып пен ұлт саулығы кемшін түсіп жатыр. Осыны көбірек насихаттау керек. Бұл — құрылым өкілдерінің ұсынысы.»