Палуан-полицейлер марапатталды

560

Облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы Павлодар қаласында полиция қызметкерлері арасында өткен «Қазақ күресі» турнирінде жеңімпаз атанған тәртіп сақшыларын ерекше құрметпен қарсы алды. Аталмыш турнир ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында Павлодар әкімінің кубогы мен Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған болатын.

001

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов өңіріміздің намысын абыроймен қорғап келген жеңімпаздарды құттықтады.

002

Біздің команданы ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Айтбеков Сакен бастап барған еді. Жарыста жалпы 15 команда құрамында 84 қызметкер бақ сынасқан.

004

Сайыс қорытындысы бойынша командалық есепте облыстық ішкі істер департаментінің командасы 1-орынды иеленді. Екінші орынды Павлодар облыстық ІІД алса, 3 орынға Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының полицейлері ие болды.

003

Оңтүстіктен барған команда сапында чемпион атанған қызметкерлер:

Облыстық команда сапында самбодан спорт шебері, 60 келі салмақта өнер көрсеткен ІІД жедел қимылдау арнайы жасағының инспекторы, полиция кіші сержанты Алтынбеков Мақұлбек.

Қазақ күресінің шебері, салмағы 70 келі, Шымкент ҚІІБ жол-патрульдік полиция полкының қатардағы полицейі Төребеков Бақытжан.

80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен самбодан спорт шебері, ІІД «Арлан» арнайы мамандандырылған бөлімі командирінің орынбасары, полиция капитаны Қыпшақбаев Дәурен.

Самбодан спорт шебері, 90 келі салмақта өнер көрсеткен жол-патрульдік полициясы полкының қатардағы полицейі Қаныбеков Бақытжан.

Қазақ күресінен спорт шебері, салмағы 90 келі, жол-патрульдік полициясы полкының қатардағы полицейі Есен Самат.

Жүлделі орын алған жеңімпаздар бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздары, кубокпен және медальдармен марапатталды.