Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылдық округінің бұрынғы әкімі 150 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл ақшаны ол жер телімін беруге оңтайлы шешім шығарамын деп келісіпті.

Ордабасы аудандық соты экс-шенеуніктің алған парасынан 60 есе артық, яғни, 9 миллион теңге айыппұл төлеуін міндеттеп үкім шығарды.

Сонымен қатар экс-әкімнің дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен мәңгілікке қош айтысатын болып кесілді. Жемқорлық үшін айыппұл салу жыл басынан күшіне енген қылмыстық кодекс бойынша жаңа тәсіл болып табылады.