Шымкентте полиция күніне орай жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті. Полктің құрылымдары арасында 12 команда құрылып, спорттың 6 түрінен өзара бақ сынасты.
Олар: жауынгерлік қару — Макаров тапаншасынан нысана көздеу, арқан тарту, турникке тартылу, кір тасын көтеру, армрестлинг және шағын футбол.
Тәртіп сақшылары тек азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, өздері салауатты өмір салтын ұстанатындарын көрсетті. Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды 7-ротаның командасы жеңіп алса, 2-орын 10-рота полицейлеріне бұйырды.
Ал 3-орынға 5-ротаның тәртіп сақшылары табан тіреді. Жеңімпаздар грамота, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.