Сәбилерді ұрып-соққан бала күтуші сотталды

619

Шымкентте бала күтуші әйелге қатысты сот үкімі шықты. Бұл айыпталушы өзіне сеніп тапсырылған балаларды соққыға жыққан.

Тергеушілер оның үстінен соңы өлімге әкеп соққан ауыр дене жарақатын салу және кәмелеттік жасқа толмаған баланы қинау бойынша іс қозғап, кінәлі деп таныды. Осы әрекеті үшін бұрынғы бала күтушіге 8 жылға бас бостандығынан айырлу жазасы тағайындалды.

007

Еске сала кетейік, бұл жаға ұстатарлық оқиға 2015 жылдың бас кезінде болған еді. Облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне төрт жасар Аяжан мен оның інісі Ерасыл ауыр халде түскен. Тергеушілердің мәліметінше, екі баланы бағушы әйел ұрған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=FVt6j8OQVL4[/youtube]

Өкінішке орай, Аяжанды аман алып қалу мүмкін болмады, ол бас миының жарақатынан шетінеп кетті. Істі қарау барысында төрағалық етуші судья сотталушының жүкті екенін және оның бала-шағасы бар екенін ескерді.