Шағалалы Шардараның өнерпаздары — Шымкентте

696

«Мәдениетім — мерейім» байқауының сахнасынан шардаралық өнерпаздар да шет қалмады. Сайыстың кезекті эстафетасын қабыл алған ұжым аудандағы мәдениет саласының даму-деңгейін көрсетті.

Шаһар тұрғындарына шеберлердің қолөнер еңбектерімен таныстырып, мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған спектаклін де сахналап берді.

Сұрапыл сұм соғыс пен ондағы отандастарымыздың ауыр халі, қан майданның салған жарасы. Жаңа туған нәрестені жаудың құрсауынан құтқару сәті. Мұның барлығы да «Оқ астында аман қалған ару» қойылымынан көрініс тапты. Жаудың нысанаға алған оғынан, өлімге бетпе-бет келгенде секем алмаған әйелдің тағдыры тіпті залдағы көрерменнің көңілін босатты.

Шағалалы ауданнан келген ағайын шеберлердің еңбектерін таныстыруды ұмыт қалдырған жоқ. Мұнда мектеп оқушыларынан бастап кәсіби суретшілердің, қолөнершілердің туындалыры қойылған. Ал көпшілік, әсіресе, көрмедегі жаңа инновациялық дүниелерге қызығушылық танытты. Автордың айтуынша, бұл бұйымдар жуырда «ЕХРО-2017» көрмесіне жолданбақ.

киіз үйлер тігілді

шаңырақ

Мақпал Аманова, қолөнер шебері:»Жасалу жолы қарапайым, шиді  тоқу арқылы жасайды. Алдымен қалыбын дайындап алады. Одан кейін жіпті арлы-берлі өткізіп, оны тоқиды. Сапалы болуы үшін тас арқылы жіпті өткізеді».

"Әжелер" тобы
«Әжелер» тобы

Шардаралықтар сахнада дәстүрлі ән, жыр-термеден бөлек эстрадалық ән жанрын да ұсынды. Жас күйшілер қазақтың қара домбырасында шебер ойнады. Бұл аудандағы халық қазынасының дамуын таразыласа керек.

Келесі кейіпкеріміз — Шардара аудандық мәдениет үйінің белді әншілері. «Әжелер» тобы сахнада тосылған жоқ, әдеттегідей әсем әндерін тыңдарманға жолдады.

"Ынтымақ" биі

 

Ақниет Мұсаева,»Әжелер» тобының әншісі: «Әрине, сахнада қобалжыдық. Бірақ көрерменнің қол соғуы бізді демеп отырды. Біздің топ тек дәстүрлі, халық әндерін ғана емес шетелдік шығармаларды да шебер орындайды. Алдағы уақытта тыңдармандарымызға жаңа туындыларды тарту етпекпіз.»

Күйшілер тобы
Күйшілер тобы

Айта кетейік, «Мәдениетім — мерейім» сахнасында әлі 3 аудан өкілдері өнерлерін ұсынып, бағын сынайды. Ал қорытынды кеш пен марапаттау рәсімі 6 шілде — Астана күні мерекесінде өтеді деп жоспарланып отыр.