Шымкентте үш полиция қызметкері парамен ұсталды

421
Фото: ://infozakon.com

Шымкентте үш тәртіп сақшысы пара алу кезінде ұсталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Департамент қызметкерлері шұғыл іздестіру шаралар нәтижесінде облыстық ішкі істер департаменті Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Қаратау полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Е. және полиция капитаны А-ны 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған соң ұстады.

Фото: ://infozakon.com
Фото: ://infozakon.com

Тергеу барысында екі капитан алдын ала сөз байласу арқылы Х. деген азаматқа қатысты есірткі заттарының заңсыз айналымы бойынша құқық бұзушылық дерегін тіркемей, оны жауапкершілікке тартпай, он шешім қабылдау үшін 5000 АҚШ долларын талап еткені анықталды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 366-бабы, 3-бөлігінің 1 және 2-тармақшаларына сәйкес (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы қорқытып пара алу) сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүруде. Күдіктілер Абай аудандық сотының санкциясымен қамауға алынған.

Бұған қоса осы департамент қызметкерлері шұғыл іздестіру шаралар нәтижесінде Әл Фараби полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ж-ны 10 мың теңге пара алу кезінде ұстады.

Тергеушілер майордың өз құзыреті шегінде құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті лауазымды атқаратын адам бола тұра шартты түрде сотты болған А. деген азаматшаның іс-әрекетін бақылауда қамқоршылық көрсету үшін пара талап еткенін анықтады.

Қазір қылмыстық кодекстің 366-бабы, 2-бөлігіне сәйкес (заңсыз іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін пара алуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты облыстық прокуратураның санкциясымен кепілмен бұлтартпау шарасы қолданылды.

[youtube]https://youtu.be/6RJZEQP5VsM[/youtube]