Шымкентте «Менің Қазақстаным» форумы өтті

589

 

002

Оңтүстікте мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің Қазақстаным» патриоттар форумы өтті. Оған 5 мың адам қатысты деп хабарлайды обылс әкімінің баспасөз қызметі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=T04kxdsv-ls[/youtube]

 

Мемлекеттік рәміздер алаңында өткен салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімі А.Мырзахметов барша оңтүстікқазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, Отанымыздың нағыз патриоттары болуға шақырды.

006

‒ Бүгін кең-байтақ елімізде мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін көгімізде көк байрағымыз желбіреді. Біле-білсек, біздің күн астында қанат қаққан қыран бейнелі көк байрағымыз бабадан жеткен бүкіл тулардың құтты жалғасы, қасиетті жиынтығы. Ал елтаңбадағы қос пырақтың бейнесі терең тарихымыздың сырын ашады. Біздің әнұранымыз «Менің Қазақстаным» деп аталады. Оны еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жан-жүрегі тебірене айтады. Гимн – ұлттық және патриоттық тәрбиенің нағыз қайнар көзі, ‒ деді өңір басшысы.

004

Бес мың адамның қатысуымен өткен салтанатты шарада әр ұлттың өкілдері жартылай шеңберде сап түзеп, жастарымыз «Қазақ елі осындай» әніне биледі.

003

Содан кейін рәміздер алаңына еліміздің мемлекеттік рәміздерін 32 сарбаз бен екі офицер алып келді. Шара соңы облыс өнерпаздарының концертік бағдарламасымен жалғасты.

005

 

Фото: Қайсар Шерім