1 маусым күні кешкі сағат 18:00 шамасында облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқару жасағының 112 нөміріне суыт хабар түсті. Қоңырау шалғандар Алматы-Шымкент тасжолының бойында, Қайнарбұлақ саяжайына жақын жерде ірі жол апаты болғанын айтқан.
Бұл жерде ВАЗ-2115 көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соғысып қалыпты. Куәгерлер жеңіл көліктің ішінде 3 жас баланың бар дейді.
Оқиға орнына құтқарушылар тез арада жетті. Олар гидравликалық құралдың көмегімен жеңіл көліктің салонын кесіп, қысылып қалған жүргізушіні алып шықты.
Ал жедел жәрдем дәрігерлері жарақат алған екі баланы ауруханаға жеткізсе, үшіншісін оқиға орнына келген туыстары алып кетті.
Тағы бір суыт хабар құтқарушылар түнгі сағат 12-ден асқанда түседі. Бұл жолы қаланың ішінде, Аймауытов-Желтоқсан көшелерінің қиылысында ВАЗ-2106 және Хендай автокөліктері соғысып қалған.
Қақтығыстың салдарынан 5 адам зардап шекті: екі көліктің жүргізушісі және 3 жолаушы. Бір адам көліктің ішінде қысылып қалған. Оны құтқарушылар сыртқа алып шыққан сон жедел жәрдем дәрігерлерінің қолына тапсырды.