Шымкентте туристік автобустар пайда болды

Серуендегенді ұнататындар үшін жағымды жаңалық. Шымкентте алғаш рет балалар мен қонақтарды, саяхатшыларды таситын екі қабатты екі автобус пайда болды. Шар ілініп, ерекше безендірілген автобустарды шымкенттіктер бірден байқайды.

001

Соның бірі — Аружан. Бүгін 7 жасқа толған бүлдіршін туған күнімді ерекше атап өтетін болдым деп қуануда.

Аружан Тәжиева, қала тұрғыны: «Мен бүгін 7 жасқа толдым. Өте қуаныштымын. Мұнда апам ертіп келді. Туған күнімді осындай ерекше автобуста өткізетін болдым».

Ашық аспан астында серуендегенді қалайтындар үшін билет құны — 500 теңге. Балалар үшін 400 теңге төлейсіз. Мереке күндері жеңілдіктер қарастырылған. Ұлыбританиядан әкелінген 40 орындық қоғамдық көлік енді арнайы белгіленген кесте бойынша жұмыс жасайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=QO8zaC-icQ0[/youtube]

Қайрат Нұртай- қала әкімінің орынбасары:» Біздің қаламыз үлкен мегаполиске айналып келеді. Күн сайын түрлі әдемі ғимараттар, нысандар бой көтеруде. Ал біздің мақсатамыз қала тұрғындары қаламыздың әсем жерлерін тамашаласа, білсе екен дейміз.»

Шараны ұйымдастыруды қала әкімдігі, ОҚО кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық және туризм басқармасы мен «Жібек жолы» туристік компаниясы өз мойнына алыпты. Туристік автобус балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып, ішкі туризмді дамытуға, оны насихаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шаһарымыздағы 1демалыс орындары мен саябақтар, аллеялар мен әкімшілік-іскерлік орталықтарын тамашалау арқылы қаламыз туралы тереңірек білуге болады.

002

Назалия Иманқұлова, қала тұрғыны: » Екі қабатты автобустан қаламыз өте әдемі көрінеді екен. Күнде байқамайды екенбіз. Әрі таза ауада серуендегенге не жетсін!»

Абай саябағынан бастау алатын бағыт Ордабасы алаңы, Тәуелсіздік саябағы, дендросабақ пен зообаққа дейін жалғасатын болады. Ал ұйымдастырушылар бұл шара күн суытқанға дейін жалғасады деп отыр.

Автобуста арнайы гидтер жұмыс жасайды. Жақын күндері аудиогид іске қосылмақ. Сонымен қатар алдағы уақытта Түркістан қаласына саяхат ұйымдастыру да жоспарланып отыр.