«Отырар TV» телеарнасының «Бізде қонақта» тұрақты айдарының кезекті қонағы — «Шымкент- жасыл қала» мекемесінің бас инженері Ұланбек Алдабергенов.

005

— Ұланбек аға, студиямызға қош келіпсіз! Жаз маусымы басталғалы сіздердің де жұмыстарыңыз көбейген болар. Сол үшін алдымен аталған мекеменің негізгі атқаратын жұмысымен танысып алсақ…

— «Шымкент- жасыл қала» мекемесі қаламыздағы қаламыздағы барлық мекемелер мен гүлзарлар, субұрқақтарды күтіп-үстауға жауап береді.

— Соңғы жылдары қаламызда бірнеше субұрқақ салынды. Қаламыздың көркін кіргізіп, ауаны салқындатып, адамдарға жан рахатын сыйлауда. Қазір шаһарымызда осындай неше нысан бар?

— Қалада бүгінде 20 субұрқақ жумыс істеп тұр. Ең алғашқы әуенді субұрқақ 2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына орай Тәуелсіздік саябағында ашылған болатын. Сонымен қатар Әл Фараби алаңы мен жаңадан салынған әкімшілік-іскерлік орталығындағында да жұмыс істеп тұр. Одан өзге субұрқақтар Тәуке хан даңғылы бойындағы «Қызғалдақ», Ордабасы алаңында, Орталық, Абай, Жеңіс, Шәмші әлемі, Имран сауда орталығы мен А.Пушкин кітапханасы жанында, жаңадан құрылған Қаратау ауданындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы гүлзарда жұмыс істеуде.

— Сіздердің жұмыс істеу кестелеріңіз қандай?

— Мекемеде дәл осы іспен айналысатын 25 жұмысшы бар. Айына үш рет субұрқақтың суы ауыстырылады. Әр нысанның өзінің жеке кестесі болады. Сол кесте бойынша ауа райының өзгеруіне байланысты, яғни, қатты дауыл болған кезде, жаңбыр жауғанда және су ауыстырылғанда субұрқақтың жұмысы тоқтатылады.

— Кейде субұрқақтар істемей қалады, әуеннің ырғағына сай келмей жатады. Осы туралы не айтасыз?

— Су бұрқақтарының бұзылуы көбіне тұрғындардың тастап кеткен қоқыстардың салдарынан болады. Бос баклашка, балмұздықтың қағаздарынан су құбырлары бітеліп, субұрқақ істен шығып қалып жатады. Мұндай кезде бірден оны жөндеуге тырысамыз.

— Субұрқақтардың жұмыс кестесі қандай?

— Нысандардың жұмысы таңғы сағат 8:30-да басталып, 10:00-ге дейін қосылады. 12:00-ден кейін 15:00-ге дейін қайта жұмыс жасайды. 15:00 мен 20:00 аралығында және 21:00 мен 22:00-ге дейін жұмыс жасайды.

— Әңгімеңізге рахмет! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!