Шымкентте коммуналдық мекеменің жұмысшылары Қазақстанның көк байрағын аяқпен таптап, қоқыс тасыды. Бұл жәйтті кездейсоқ куәгерлер суретке түсіріп алыпты.

004

 

Фотосуреттерде екі жұмысшының көк туды жерге жайып, қоқыс салғалы жатқан сәті анық көрінеді. Ал қоқыс таситын көліктің мемлекеттік нөмірі де анық көрініп тұр.

003

 

Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Данияр Мейірханның айтуынша, қазіргі таңда тәртіп сақшыларына көліктің иесін тауып, түсінік беру үшін ішкі істер бөліміне жеткізу туралы тапсырма берілген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=athuXZKgsDY[/youtube]

Оның айтуынша, кінәлілер Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 372-бабына («Мемлекеттік рәміздерді қорлау») сәйкес жауапқа тартылады.

005

Бұл бапта кінәлі азаматтарды 2000 АЕК көлеміне дейінгі айыппұл немесе тәртіптік қоғамдық жұмыстарға жегу, немесе бас бостандығын шектеу немесе 2 жылға дейінгі түрмеге қамау жазасы көрсетілген.

www.tengrinews.kz