Түлкібаста өнер мектебі ашылды

585

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданы, Састөбе елдімекенінде 100 балаға арналған өнер мектебі ашылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Саз мектебінің негізінде құрылған тәрбие ошағы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды үйретуді мақсат тұтады. Мұнда домбыра, би, ән қобыз үйірмелері мен тағы басқа жанрлар бойынша өнер топтары жұмыс істейді.

002

Өнер мектебінің ашылуына аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұранов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Анашев, аудандық балалар өнер мектебінің директоры Н.Байжанысова қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Бүгінде Састөбе ауылында 6212 халық тұрса, оның 2 мыңнан астамы жасөспірімдер.