«Балалар алаңшасы қоқыс алаңына айнала ма?» Қала аумағына қарасты «Гидролизный» елдімекеніндегі №1 Б үйдің тұрғындары осылай деп ашынады. Айтуларынша, қоқыс жәшігін ауыстырумен айналасатын мекеме жұмысшылары контейнерлердің ескісін алып, жаңасын үйдің маңына жақын орнатпақ.
Бұған қоса жәшіктерді орналастыру үшін үйдің алдын көлегейлеп тұратын ағаштарды қырқып тастаған. Ал жауапты мамандардың сөзіне сенсек, қоқыс контейнерін өз орнында қалдыру үшін коммуналдық кедергілер бар. Яғни, үйге су құбырының жүйесін жүргізу мүмкін болмай қалады екен. Енді Еңбекші аудандық әкімдігінің өкілдері тұрғындар үшін бір шешім табамыз деп отыр.