Құқығы аяқасты болғандар «Нұротанға» келді

497

Құқығы аяқасты болғандар «НұрОтан» партясының қоғамдық қабылдауына келді. Алты жасар қызы балабақшадан қан-жоса боп келген сарығаштық тұрғынның шенділерге өкпесі қара қазандай. Ал бәйдібектік кейуана айуандықпен өлтірілген ұлының қазасына қатысы бар азаматтардың жаза тартылуына сұрайды.

жантореева

Гауһар Өскенбаева жапа шеккен 6 жасар бүлдіршін қызын ерте келіпті. Айтуынша, үйден сап-сау кеткен қыз балабақшадан қан-жоса боп оралған. Сарыағаштық тұрғын қызым зорлануы мүмкін деп отыр.

Гауһар сот сараптасының қорытындысына күмәнмен қарайды. Шенділерден ақ-қарасын анықтауды талап етіп отыр. Қазір бұл іс бойынша балабақша қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл жағдай бүгінде еліміздің ішкі істер министрлігінің назарына ілігіп үлгеріпті.

Бәйдібектік кейуана айуандықпен өлтірілген ұлымның қазасына қатысты адамдар бостандықта жүр деп налиды. Оның ойынша, ұлына жазаға тартылған адамнан басқа бірнеше кісі жабылған. Болған оқиғаны көзбен көрген куәгерлер тыңдалмай отыр деп ашынады ана. Алайда, ауданның шенділері бұл іске сот нүктесін қойған дейді.

Сондай-ақ қоғамдық тыңдауда алимент өндіре алмай жүрген жалғызбасты аналар да тыңдалды. Комиссия мүшелерінің айтуынша, соңғы кездері балаларының қамқорлығы үшін төленетін төлемдерді талап ететін тұрғындар жиі есік қағатын болған. Дегенмен, борышын өтемей жүрген әкелерді жауапқа тартуда заң солқылдақ.