Тағы бір қайғылы жағдай Мақтаарал ауданында тіркелді. Түн ішінде Киікбай ауылындағы К-25 каналына жас жігіт ағып кеткен. Марқұмның жасы 23-те. Куәгерлердің айтуынша, ол каналға байқайсызда құлап кетіпті.
Марқұмның денесін құтқарушылар арада бірнеше сағат өткен соң тапты. Су мәйітті 5 шақырым жерге ағызып алып кетіпті. Бұл осымен Оңтүстікте суға қатысты 34-қайғылы жағдай болып отыр.
Ал Шардараның құтқарушылары су қоймасына батып бара жатқан жас жігітті құтқарып қалды. 20 жастағы жігіт келесі жағаға дейін жүзіп баруды ойлапты. Алайда күшін бағалай алмай, судың ортасында батып бара жатқан оны сүңгуірлер қайықпен алып шықты.