100 нақты қадам — заңның үстемдігін қамтамасыз ету

537

Елбасы атап көрсеткен «100 нақты қадам» реформасын халыққа кеңінен түсіндіру үшін облыста 5 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, жұмыс жүргізіп келеді. Жұмыс кестесіне сәйкес облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов бастаған І топ Шардара ауданына келіп, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесті.

004

Жиынды аудан әкімі Қ.Айтөреев жүргізіп отырды. Алғаш болып сөз алған топ жетекшісі Президенттің 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» атты 2-бағытын жүзеге асыру туралы әңгіме өрбітті.

— Белгіленген бағыт-бағдар бойынша жүріп, ондағы тапсырмаларды орындау – ортақ міндет,- деді Б.Оспанов. — Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру реформасы бүгінгі уақыт талабынан туындап отырған жағдай. Заңға деген талап қатал болу керек.

Сот, прокуратура, ішкі істер органдарының қызметкерлерімен өткен дөңгелек үстелге облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Ержан, облыс әкімі аппаратының қылмыспен, терроризмен күресті үйлестіру және мемлекеттік-құқық жұмысы жөніндегі бөлім басшысы С.Атыхаев, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары С.Тіленшин қатысып, ұлт жоспарын жүзеге асыру жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз хатшысы